Жетісуда жантүршігерлік жол апатынан бес адам қайтыс болды
Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам мерт болды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Талдықорған - Қапал тасжолында Toyota Avalon және Toyota Camry көліктері соқтығысқан. Оқиға салдарынан екі көлік те жанып кеткен.
"Жол апаты салдарынан бес адам қаза тапты. Зардап шеккен екі адам Талдықорған ауруханасына жеткізілді. Қазір олар ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр", - деп жазылған хабарламада.


