Балғынбек Имаш әнші қыз Еңлікті сынаған Бұлғақовты орнына қойды (видео)

Oinet.kz 27-01-2026 84

Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имаш жас әнші Еңлікті сынаған Жандарбек Бұлғақовты орнына қойды. Ол әріптесіне рэп арқылы тиісіп, оның әнші қыз Еңлікке бекер тиіскенін жеткізді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.  

MyCollages (3).jpgЕске салайық, бірнеше күн бұрын Жандарбек Бұлғақов Еңлікті хит болған өлеңінің мәтініне назар аударып, кемшіліктерін қағытпа арқылы жеткізген еді. Дегенмен Бұлғақовтың бұл сыны Еңліктің шамына қатты тиді. 

“Менің шығармашылығымды толық қарап шыққан болсаңыз, бұлай бір әніме қадалып қалмайтын едіңіз. Сыныңызды осылай бастасаңыз да болар еді. Мысқылдап, келеке қылмай-ақ. Мен сіздің айтыстарыңызды көріп, шығармашылығыңызды сыйлайтынмын. Бүйтіп жаныңыз ашымай ақ қойсыншы”, – деп жазды ол.

Кейіннен өнердегі інісі мен қарындасының арасындағы түсінбеушілікке нүкте қойып, татуластырғысы келген ақын Балғынбек Имашев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. Видеода айтыскер рэп стилінде ән оқыды. Оның бұл креативін көрермендер жылы қабылдап, ізгі тілектерін жеткізді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Balgynbek Imash (@balgynbek_imash)

ІІМ Threads-тегі алаяқтар туралы ескертті
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу