Тоқаевпен қоштасты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі – Баспасөз хатшысы қызметін атқарып келген Руслан Желдібай қызметтен кетті. Бұл туралы ол фейсбуктегі парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

“Қадірлі достар!
Бүгін осыған дейін атқарып келген Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы қызметін ресми түрде аяқтадым.
Осы кезеңде Мемлекет басшысы жүктеген барлық міндеттерді тиісті деңгейде орындауға барынша күш салдым. Қабылданған шешімдер мен атқарылған жұмыстар алдағы уақытта өз нәтижесін береді деген сенімдемін.
Мемлекеттік қызметті жауапкершілік ретінде қабылдаймын. Болашақта да кәсіби тәжірибемді ел мүддесіне, отанымызды дамытуға пайдаланамын.
Баршаңыздың жылы лебіздеріңізге, алғыстарыңызға рақмет!” деп жазды Руслан Желдібай.


