Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 28 қаңтарда Астанадағы Сарайшық көпірінде болған жол-
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 28 қаңтарда Астанадағы Сарайшық көпірінде болған жол-көлік апатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Апат салдарынан екі адам қаза тапқан. Игорь Лепеханың айтуынша, олар – оқиғаға кінәсі жоқ адамдар. Ал қарсы бағытқа шығып кеткен жүргізуші тірі қалған.
«Қылмыстық іс қозғалды. Қазір мән-жайды анықтап жатырмыз. Қаза тапқандар — бұл жағдайға кінәлі адамдар емес», — деді министрдің орынбасары Сенат кулуарында.
Сондай-ақ ол жол апатына кінәлі адамға қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін айтты.
«Бұл — адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы. Мұндай жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, бас бостандығынан айыру жазасына дейін қолданылуы мүмкін»,- деп қосты министрдің орынбасары.
Айта кетейік, «Toyota» көлігінің жүргізушісі Сарайшық көшесімен Түркістан көшесінен келе жатып, көпір үстінде рульге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан ол қарсы бетке шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан «Lada» және «Skoda» көліктерімен соқтығысқан.


