«Руслан өте қарапайым жігіт»: Әйгілі айтыскер ақын экс-баспасөз хатшы туралы

Oinet.kz 29-01-2026 38

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі – Баспасөз хатшысы қызметін атқарып келген Руслан Желдібай қызметтен кетті. Оның қызметінен кеткеніне байланысты әлеуметтік желіде Руслан Желдібай туралы көптеген жылы пікірлер жазылып жатыр. Айтыскер ақын Мұхтар Низяов та экс-баспасөз хатшысы туралы өз ойын білдірді деп хабарайлы Oinet.kz тілшісі.

MyCollages (5).jpg"Руслан ешқандай атқа аяқ салмай тұрғанда жақсы араластығымыз болған. Бір күні “Керуенге” кірсем бір столда ноутбук сартылдатып, жұмыс жасап отыр екен. Барынша қарапайым. Астанаға алғаш келген кезі. Содан аз-маз сөйлесіп қалдық. -бірқатар ұсыныстар түсіп, жәймен Астанаға келіп жатырмыз, әзірге өзім келіп орналастым, отбасым енді келеді,- деді. Содан бері ешқандай  “әке-көке” жағаламай-ақ ақырын ілгерілеп келеді. Русланның анасы ұлағатты ұстаз. 

Тәрбиесі, білімі ұшқан ұясынан дарығаны көрініп тұрады. Әрі қарай өзі де үздіксіз ізденіп, жетіліп, тұтас тұлға болып қалыптасу үстінде. Кейін сатылап, рет-ретімен үлкен қызметтерде жүр. Бірде-бір рет есігін де, телефонын да мазалап көрген емеспін. Онсыз да жан-жағында анталап жүрген адам көп шығар.  

Қолынан келген жерде аянбайтын азаматтығын естиміз. Қуанамыз. Қашан да тілекшіміз. Онсыз да елдің еңсесін тіктейтін осындай қазақы ортада қайнап, Батыстан білім жетілдірген жан-жақты азаматтарымыз көп емес. Қай қызметке барса да тек абырой жолдас болсын!" - деп жазды айтыскер ақын. 

Оқырмандар журналист Руслан Өтепбайды арыстанға теңеп өлең шығарды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу