Қазақстанда TikTok арқылы жұртшылықты емдеген "емші" ақшаны букмекерлерге жұмсаған

Oinet.kz 02-02-2026 44

Астанада TikTok желісіндегі жалған "емші" сотталды. Ол ерекше қабілетім бар деп адамдарды алдап, емдегені үшін 5,5 миллион теңгеден аса қаражат алған. Ал тапқан ақысын ставкаға салған. 

Screenshot_2.jpg

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, тұрғын TikTok-та экстрасенсорлық қабілеттері бар екенін айтып, аккаунт ашқан.

“Әлеуметтік желілер арқылы жәбірленушілердің бірінің денсаулығына қатысты мәселелері бар екенін білген ол, өзін ерекше қабілеттерге ие тұлға ретінде көрсетіп, белгілі бір ақыға "емдеу" қызметін көрсете алатынына сендірген.

Осылайша, кінәлі 3 жәбірленушіден жалпы сомасы 5,5 миллион теңгеден асатын ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденіп, оны букмекерлік кеңселерде ставка жасауға жұмсаған”, – делінген хабарламада. 

Мемлекеттік айыптаушы сотта сотталушының кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемелерді ұсынды.

“Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды ішінара өтеген. Сот үкімімен кінәлі адам 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды”, – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Жалған және бұрмаланған ақпараттармен күрес күшейтіледі
Жұмбақ жағдайда ажал құшқан Ақнәр Хамиттің анасы халыққа үндеу жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу