Салып жатқан үйлеріне орысша атау қойған құрылыс компаниясының басшысы сынға ілінді

Oinet.kz 02-02-2026 83

Bi Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев сынға ілінді. Ол Қарағандыда салынып жатқа үйге "ЖК Дом на Букетова" деген орысша атау қойып, жергілікті тұрғындарға ұнамай қалды. Бұл туралы әлеуметтік желіде Айсұлтан Жақыпов есімді азамат жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

MyCollages (10).jpg"Құрметті Айдын Рахымбае мырза! Сіз өзіңізше қазақша үйреніп, ара-тұра патриоттық келбеттегі пост жазып жүруші едіңіз. Қарағандыда сіздің компания үй салуда. Неге оның атауы "ЖК Дом на Букетова"? Неге "Бөкетов көшесіндегі жайлы үй" деп жарнамаламайсыздар? Атауының өзі дұрыс емес. "Баспана", "Атамұра" сынды әдемі атауы бар ТҮ кешендері бой кетерді біздің қалада. Сол секілді бір әдемі атау қоюға болар еді ғой. "Жайлау", "Сары бидай", "Кереге", "Өз үйім" десеңіз де басқаша атау қоюға болар еді" - деп жазды желі қолданушысы.

Айта кетейік, Айдын Рахымбаевтың компаниясы Шымкентте көптеген тұрғын үй кешендерін тұрғызып жатыр. Ол бұл іске Шымкент қаласының экс-әкімі Мұрат Әйтеновпен "жесткий торг" жасап барып кіріскен. 

Министр Әлназарова донор болып, ақпанды қан тапсыру айы деп жариялады
Түркістан полицейлері имамдармен бірлесіп интернет-алаяқтармен күресуді қолға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу