Қазақстанның табиғи байлығы төрт жыл бойы заңсыз түрде шетелге шығарылған

Oinet.kz 03-02-2026 44

Қарағанды облысында темір рудасы төрт жыл бойы заңсыз өндіріліп, шетелге шығарылғаны анықталды, деп хабарлайды өңір прокуратурасына сілтеме жасаған Oinet.kz.

Screenshot_4.jpg

Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтаған.

Осы фактілер бойынша Қарағанды облысының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалын жүргізген.

"Аудан кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы темір рудасын лицензиясыз заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келтірілген.

Бұл іс бойынша үш күдікті қамауға алынып, 500 млн теңгеден астам мүлікке тыйым салынған.

Ермек Көшербаев Түркия президенті Ердоғанға Тоқаевтың сәлемін жеткізді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу