Жеңімпаздар алфавит бойынша тұр!

Oinet.kz 10-02-2026

UAE SWAT Challengе сайысының үшінші күнінде біздің командалар елге ерекше қуаныш сыйлады. 

image.png

Барлық үш жүлделі орын  қазақстандық командалар қанжығасында: “Kazakhstan А” “Офицерді құтқару” тапсырмасын рекордтық уақытта (02:00 мин.) орындап, турнир кестесін бастап тұр. Екінші орынды “Kazakhstan В” жеңіп алды, үшінші кезең қола жүлдесі “Kazakhstan C” командасында. 

Тағы екі командамыз 20 үздік қатарында: “Kazakhstan D” 19-шы болып тұр, одан кейінгі орында “Tomiris” қыздар командасы, ол әйелдер арасындағы үздік көрсеткішін қайталады әрі көптеген ерлер командасынан тағы да асып түсті.

Үш кезең нәтижесі бойынша “Kazakhstan С” бірінші орында берік тұр. Оған иық тіресіп,  екінші болып “Kazakhstan А” келеді.

Осылайша, қазақстандық арнайы жасақ 48 елдің 109 командасы сайысып жатқан элиталық турнирде озып келеді. 

Алда UAE SWAT Challenge турнирінің екі кезеңі қалды. Біз батырларымыз үшін тақымымызды қысып, әлемдік айтулы додадан жеңіспен оралуын тілейміз.

 Алға, Қазақстан!

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Ата заң жобасына ұсынылған жаңа маңызды толықтырулармен та
Қазақстан жаңа Конституцияға қадам басты: Өтпелі кезеңдегі елдің саяси бағыты айқындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу