Садыр Жапаров Қамшыбек Тәшиевті неліктен қызметінен босатқанын түсіндірді

Oinet.kz 10-02-2026

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қамшыбек Тәшиевті неліктен қызметінен босатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Қырғызстан басшысының баспасөз қызметі мәліметінше, Садыр Жапаров "бұл қадамның басты мақсаты мемлекет бірлігін нығайту және қоғамдағы, соның ішінде мемлекеттік құрылымдар арасындағы алауыздықтың алдын алу" болғанын айтқан.

Қырғызстан президентінің айтуынша, бұл шешім мемлекет мүддесі үшін қабылданған және тұрақты, үйлесімді саяси жағдай құруға бағытталған.

Еске салайық, бұған дейін Қамшыбек Тәшиев Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары әрі Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылғаны хабарланды.

Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
«Ауыл» партиясының қарағандылық мүшелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу