Шыналиевтің арызы бойынша іс қозғалды—Бас прокуратура

Oinet.kz 11-02-2026

maxresdefault.jpg

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Олимпиада жүлдегері Еркебұлан Шыналиевтің арызы негізінде қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Мәжілістің жалпы отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында журналистер спортшының жария үндеуінен соң құқық қорғау органдары қандай әрекет жасағанын сұраған болатын.

— Осыдан екі күн бұрын ғана адам ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергелу сатысында. Іс оның арызы бойынша қозғалды, — деді Бас прокурордың орынбасары.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шыналиев әлеуметтік желіде бейнеүндеу жасап, Түркияда өзін белгісіз адамдардың қорқытқанын мәлімдеген еді. Осыған байланысты спортшы  Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурадан аталған жағдайға құқықтық баға беруді сұраған болатын.

 


Төлебидің абызы
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу