Қазақстанда республикалық референдум өтетін уақыт белгілі болды: Тоқаев жарлыққа қол қойды

Oinet.kz 12-02-2026

Тоқаев жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өткiзу уақытын бекітті.

Screenshot_3.jpg

Мемлекет басшысы 2026 жылдың 15 наурызында республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды. Конституцияның жобасы 2026 жылдың 12 ақпанында бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланады.

Жарлықта жаңа Конституция жобасының "Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылатыны айтылған.   

Республикалық референдумға дайындық пен оны өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелді.

“Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын”, – делінген президент жарлығында.

Талғарда әкім тұрақтамай жатыр
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу