Жаңа Конституция күні 15 наурыз болуы мүмкін
Елімізде жаңа Конституция күні 15 наурыз болуы мүмкін.
Өйткені Ата Заңның жаңа жобасында
--Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады.
Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланады,--деп жазылған.
Мемлекет басшысының қол қойған Жарлыққа сәйкес референдум 15 наурызға белгіленді. Яғни, осы күні Ата Заңның жаңа жобасын халық қолдаған жағдайда мемлекеттік мереке-- Конституция күні 15 наурыз болады.


