Айдос Сарым: Қазақстан жаңа дәуірге аяқ басты

Oinet.kz 14-02-2026

Screenshot_1.jpg

«Референдум-2026» онлайн-марафоны барысында сөз сөйлеген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Конституциялық комиссияның мүшесі Айдос Сарым жаңа Конституция жобасындағы өзгерістердің мәнін түсіндірді. Оның пікірінше, Қазақстан жаңа дәуірге аяқ басты. 

«Біз Қазақстандағы мұнай дәуірін аяқтадық. Мұнайды табу қала беретін шығар, бірақ жаңа digital заманның келуі, екінші жағынан, бізге қазір енді мұнайдың энергиясына емес, адамның энергиясына негізделген экономика керек. Біздегі қазір шағын және орта бизнестің үлесі 40%-ға жетті. Бұл үлкен жетістік. Бірақ бұдан да арту керек», - деді Айдос Сарым. 

Ол сондай-ақ Конституция жобасындағы негізгі өзгерістердің бірін атап өтті.

«Бір бапта бұрын быйлай делінген еді: «биліктің қайнар көзі – халық». Енді біз «егемендіктің де қайнар көзі мен қорғаны халық» дейміз», - деді Айдос Сарым.  

Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты Қазақстанның болашағы білім, ғылым және инновацияда екенін айтты. 

«Қазақстан Жасанды интеллект туралы заң мен Цифрлық кодексті қабылдау арқылы маңызды қадам жасады. Біздің жетістіктеріміз көп. Енді бұл бастамаларды Конституция деңгейінде бекіту қажет. Бұл нағыз революциялық жаңалық», - деді ол.

Шымкентте қала мәслихатының төрағасы өндіріс жұмысшыларымен кездесті
Айдарбек Қожаназаров: Цифрлық дербес деректерді қорғау мәселесін Ата заңымызда белгілеу маңызды болд
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу