Тәртіп пен ел тыныштығы күзетінде...

Oinet.kz 18-02-2026

Жуырда Төлеби аудандық жастар ресурстық орталығында Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ажибеков Нұрдәулет Кәмілұлы полиция бөлімінің 2025 жылдың 12 айындағы аудан аумағындағы қылмыспен күрес, құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатындағы жедел жұмыстарының  нәтижесі мен алдағы 2026 жылы атқарылатын іс-шаралардың бағыты бойынша халық алдында есеп беру кездесуі өтті.

90fe7654b6b8142b23e4de1dc047a4fa.jpg

Аудан көлемінде өткен жылдың 12 айында тіркелген қылмыс саны оның алдындағы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 17,4 пайызға төмендеген, яғни, 195-тен  161- ге төмендеген. Аса ауыр қылмыстар 13, пайызға төмендеген, ашылымы 100 пайыз құрады.

Орайы келгенде өткен жылы  ауданның Біркөлік демалыс аймағында жасалған аса ауыр қылмыс жайында тілге тиек ете кетейік.

42 жасар М. деген азамат әлеуметтік желіде Қосағаш ауылының тұрғыны Н-ны анасын боқтап, балағаттаған дыбыстық жазбасын естіп, қаны басына шауып, ызасы мен шыдамы кенерінен асып-тасады.  Н-ны өлтіріп, кек алу мақсатында небір құйтырқы жоспар құрады.

Н-ны қасақана өлтіретін күні кешкі сағат 20 шамасында сақтанғаны құдай сақтайды деген нақыл сөз есіне түсіп,  аумақты аралап шығады. Н-дан басқа ешкім жоқ екеніне көзі жетіп, күзетшілер отыратын бөлмеге кіреді. Бейқам отырған Н-ны бет тұсынан сол қолының жұдырығымен соққы жасап, оң қолымен арнайы дайындап әкелген асхана пышағын жәбірленушінің кеуде тұсынан және мойнының сол жақ тұсынан, сол жақ иығынан бірнеше рет сұғып, жәбірленуші оқиға орнында қаза табады. Аудандық полиция бөлімінің жедел іздестіру қызметі  жедел әрі нәтижелі жұмыс атқарып, қылмыскер құрықталды, ісі сотқа өткізіледі.  

Ауыр қылмыстар 13,6 пайызға, орта санаттағы қылмыстар 56 пайызға төмендеген. Онша ауыр емес қылмыстар 23,1 пайызға, орта санататтағы қылмыстар 12,2 пайызға төмендеген.Кісі өлтіру қылмысы да 5-тен 1 пайызға төмендедеген. Өкінішке орай, ауыр дене жарақатын салу қылмысы 4 пайызға өскенімен, ашылымы 100 пайыз құрады.

Зорлау және қарақшылық қылмыстары есептік мерзімде орын алмады.

Бұзақылық 10-нан 8 пайызға төмендеген. Тонау қылмысы да 6 пайыздан 3 пайызға төмендеген.

Жалпы, Төлеби аудандық полиция бөлімінің бұл бағыттардағы жұмысы қанағатанарлық деген баға беруге әбден лайық. 

Өкінішке орай, есепті кезеңде интернет алаяқтығы өршіп тұрған кезеңде қылмыстың бұл түрі 20 пайыздан 36 пайызға өсті. Тіркелген интернет алаяқтық қылмыстық тәсілдері туралы тілге тиек етсек, олардың кең тараған түрлері төмендегідей:  Банк қызметкері (құқық қорғау органдары, байланыс операторлары және пошта қызметкері) инвестиция, тауарға немесе қызметке алдын ала төлем «Wildebrries», «TEMU», «Колеса» «Крыша» «ОЛХ» және т.б).

Осы орайда тағы бір мысал келтіре кетейік. Ленгір қаласының тұрғыны П, деген азамат Төлеби АПБ-не арыз түсіріп, онда үйінде отырған кезінде оған +7-914-695-52-59 телефон нөмірі бойынша құқық қорғау органынан қоңырау шалып отырғанын және менің атымнан  «Хоум Банк» АҚ арқылы алаяқтар несие рәсімдеп жатқанын   және өзінің ақпараттық жүйені пайдаланып, алаяқтық әрекеттің алдын алу мақсатында әрекет етіп жатқанын айтып, П-ның сеніміне кіріп, оған ақыл-кеңес беріп, өз есеп счетына 2 672 815 теңге аудартып алған.

Қоғамдық қауіпсіздік саласы бойынша қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 45,2 пайызға, бұрын сотты болмағандармен жасалған қылмыстар 8,1 пайызға төмендеген. Топпен жасалған қылмыстар 61 пайызға көшеде орын алған қылмыстар 30 пайызға, жасөспірімдер жасаған қылмыстар 11,1 пайызға төмендесе, мас халде жасалған қылмыстар 26,1 пайызға, қарумен жасалған қылмыстар 1 пайызға  өскен.

Отбасы, тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар. Өкінішке орай, 33,3 пайызға өскен. Бұл қылмыстардың өсу себебі, 2024 жылдың 15 маусымында әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін орын алып отыр.

Есепті мерзімде аудан аумағында қоғамдық орындарда тәртіпті қамтамасыз ету мақстында бірқатар жұмыстар атқарылып, нәтижесінде, 8630 құқықбұзушылық анықталып, оның 1446-на ескерту жасалды, 53 хаттама сотқа жолданып, 7131 хаттама бойынша айыппұл салынды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, республика бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барысында Төлеби АПБ-ң құрылымдары абаттандыру қағидалары мен ортақ пайдалану орындарын ластаудың жыл басынан жалпы 1296 дерегін анықтап, құқықбұзушыларға қатысты әкімшілік шара қолданылды.

Қала мен аудан елді мекендеріндегі аумақтарды абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл екпелерді жою және бүлдіргені үшін ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша 588 тұлғаға ескерту жасалып,  82 тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды. Әкімшілік айыппұл сомасы 3 млн 420 теңге құрып, мұның 3 млн 420 мың 840 теңгесі өндірілді.

Отбасы тұрмыстық қатынаста жасалған қылмыстар 33,3 пайызға өскен.

Сондықтан тұрмыстық зорлық-зобылық құрбандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 156 «Қорғау нұсқамасы» шығарылды.

Қорғау нұсқамасы жәбірленуші мен отбасы мүшелерін қоса алғанда, оның еркіне қарамастан, іздестіруге, ізіне түсуге, баруға, ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салынады.

Осы талаптарды бұзғандар ӘҚБтК-ң тиісті баптары бойынша әкімшілік жазаға тартылады.

Сонымен қатар, мас күйінде жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында түнгі уақытта заңсыз алкоголь өнімдерін сатқаны үшін 18 жеке кәсіпкер ӘҚБтК-тің 200 бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Алкогольді ішімдікті ішу немесе қоғамдық орындарда масаң күйде жүрген 298 тұлға құрықталып, оларға қатысты тиісті жазалар  ӘҚБтК-ң 440 бабы бойынша шара қолданылды.

Әкімшілік полиция саласы бойынша есеп беру кезеңінде жалпы 11753 құқықбұзушылық анықталып, бұлар бойынша айыппұл 144 млн. 473 мың 370 теңге құрады, мұның 121 млн. 486 мың 604 мың  теңге өндірілді. Өндіре алмаған айыппұлдар бойынша 207 қаулы сот орындаушыларға жолданды.

Жол-көлік оқиғасы былтырғы жылмен салыстырғанда 19 пайызға өскен.

Ауданымызда жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қауіпті аймақтарға саралау жүргізіліп, аудан әкімдігіне ұйғарым жолдау арқылы 2025 жылы 9 орынға «Сергек» 5 орынға «Мерген» бейнебақылау    камера   (аудан бойынша), 17 жерге жол кедергі мен 153 жол белгілері ауыстырылып, қосымша 78 жол белгілері орнатылған.

Ал енді жасөспірімдер жасаған қылмыстар жайында тілге тиек етелік. 2025 жылдың  12 айында аудандық білім беру бөлімі мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, түнгі реидтер өтізілді. Нәтижесінде 670 құқықбұзушылық анықталды. Оларға қатысты заң талаптарына сәйкес жазалар қолданылды.

Жасөспірімдер жасаған қылмыс 9-дан 8-ге немесе 14 пайызға төмендеді. Ал кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар 11-ден 12-ге өскен.

Себебі, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайынан тыс жүргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 422 бабымен 2025 жылы 472 әкімшілік хаттама, 132 бабымен 17, 127 бабымен 142, 432 бабымен 7 хаттама толтырылды. Сонымен қатар. 18 кәмелетке толмағандар профилактикалық қадағалау есебіне, 18 жасөспірім  және 18 қолайсыз жасөспірім және қолайсыз отбасы есепке алынып, профилактакалық іс-шаралар жүргізілді.

Сонымен  Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ажибеков Нұрдәулет Кәмілұлының жасаған баяндамасын қорытындылай келе, Бөкейхан бабамыз айтқандай: «Мақсатымыз таққа отырып, хан болу емес, халықтың тағдырын арқалау» демекші, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» дегіміз келеді.

Ілияс АХМЕТОВ.

Әкімнің орынбасарына қатысты тергеу жұмыстары басталды
Сауран ауданында жаңа жұмыс орындары ашылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу