Жертөлесіне су толып, қабырғалары үгілітіп жатқан тұрғын үй құласа кім жауапты?

Oinet.kz 23-02-2026

Шымкент қаласында "Адия" тұрғын үй кешені жетімнің күйін кешіп тұр. Пайдалануға берілгеніне әлі 10 жыл толмаған үйдің жағдайы сын көтермейді. Жертөлесіне су толып, қасбет қабырғалары үгілітіп, көгеріп жатыр. Бірақ оны жөндеуге ешкім құлықты емес деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

MyCollages (4).jpg

"Самұрық Қазына" АҚ мемлекеттік бағдарлама арқылы салған "Адия" тұрғын үй кешеніне 2018-2019 жылдары қала тұрғындары қоныстана бастады. Ұзақ жылдар баспана азабын тартып жүрген азаматтар бастапқыда құрылыстың сапасыздығын байқамаған, жіті тексермеген. Бірақ қар-жаңбыр жауып, жел тұрған кезде тұрғын үй кешенінің кемшіліктері шыға бастады. Әсіресе жаңбырлы күндері жертөлеге су толып кетеді. Су ағып, сіңіп кететін канализациялық жүйелер дұрыс жүргізілімеген. Соның салдарынан жертөледегі су апталап, айлап кілкіп тұрады. Ал бұл тұрғын үйдің іргетасы мен қабырғасына өте зиян. Егер осылай жалғаса берсе іргетас  мүжіліп, қабырғалар зәктеніп құлап кету қаупі жоғары. 

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – СЕНІМ МЕН ДАМУДЫҢ ЖАҢА АРХИТЕКТУРАСЫ
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу