​Жаңа Конституция – партияаралық диалогтың басты тақырыбы

Oinet.kz 01-03-2026

Астанада өткен партияаралық диалогтың негізгі өзегі – жаңа Конституция жобасы болды. Ерекше форматта ұйымдастырылған пікірталас 4 раундтан тұрды және нақты регламентке сай өтті.

image.png

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Айдос Сарым Конституцияның 3-бабында алғаш рет мемлекеттің стратегиялық қағидаттары – Тәуелсіздікті қорғау, ұлттық бірлікті нығайту, қоғамдық диалогты дамыту, адам құқығы мен білім басымдығы бекітілгенін атап өтті.

Ал оның әріптесі Үнзила Шапақ жаһандық трансформация жағдайында Конституцияны жаңғырту – құқықтық дамудың табиғи кезеңі екенін жеткізді.

Партияаралық диалог жаңа Ата Заң төңірегінде ортақ түсіністік қалыптастыруға ықпал етті.

​Cаяси партиялар халықтық конституцияны қолдайтындарын мәлімдеді
​Партияаралық диалогтың жаңа форматы: Жаңа Конституция тікелей эфирде талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу