Жетісу облысында ер адамды өзінің екі баласы айлар бойы жәбірлеп келген (ВИДЕО)

Oinet.kz 19-03-2026

Қоғамда Жетісу облысында өз әкесіне күш көрсеткен екі ұлға қатысты жағдай қызу талқыға түсті. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ер адамды бірнеше бойы ұлдары жәбірлеп келген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.png

Видеода сөйлеген ер адамның сөзінше, оның екі ұлы оны үнемі ұрып-соғады. Бұл жағдай бір рет емес, бірнеше рет қайталанған.

Оқиғаға араша түспек болған жәбірленушінің ағасы да зардап шеккен. Куәгерлердің айтуынша, жанжал кезінде оған пышақ жарақаты салынған.

Тұрғындардың айтуынша, күдіктілер бірнеше рет жауапкершілікке тартылғанымен, тек қысқа мерзімге ғана жазаланып, бостандыққа шыққан соң қайтадан әкесіне күш көрсетуді жалғастырған.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты ресми органдардың түсініктемесі жарияланған жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Адыл Бейсенбаев (@taldykorganec_kolesa)

БҚО-да мас күйінде көлік тізгіндеген әкім ұсталған
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу