Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Oinet.kz 20-03-2026

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Путин Тоқаевты Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен құттықтады.

Screenshot_5.jpg

“Президенттер өзара қарым-қатынастың күн тәртібін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жоспарлаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды нығайту тұрғысынан айрықша мәнге ие екенін атап өтті”, – делінген хабарламада. 

Владимир Путин Астанада өтетін алдағы келіссөздерге берілген мұндай бағамен келісетінін жеткізіп, екіжақты ынтымақтастық барлық стратегиялық салада қарқын алғанына назар аударды.

Қанат Бозымбаев вице-президент бола ма? Ол бұған өзі жауап берді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу