Атыраудағы сауда орталығында жасөспірім биіктен құлап кетті

Oinet.kz 25-03-2026

Атырау қаласындағы Infinity сауда-ойын-сауық орталығында 14 жастағы жасөспірім биіктен құлап, ғимараттың кіреберіс бөлігінің үстіне түсіп, аспалы төбені бұзып өткен, деп хабарлайды Oinet.kz.

Screenshot_3.png

Оқиға айналмалы есік орналасқан кіреберіс аумағында болған.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбалардан төбенің зақымданған жері мен сынған құрылым бөліктері анық көрінеді.

Дәрігерлер жасөспірімге жеңіл жарақат алған деген диагноз қойған. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.

Баласын қараусыз қалдырғаны үшін ата-анасына әкімшілік шара қолданылды.

Құзырлы органдарға сауда орталығындағы қауіпсіздік талаптарын қосымша тексеру тапсырмасы берілді.

«Өз-өзіне қол жұмсаған»: Ақмола облысындағы кеніште жұмысшының денесі табылды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу