Халық үні – басты назарда: Ленгірде есептік кездесу өтті

Oinet.kz 24-04-2026

Screenshot_2.jpg

Түркістан облыстық мәслихатына Төлеби ауданынан сайланған депутат, мәслихаттағы  «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ғалымжан Елшібай аудандағы есептік кездесуін Ленгір қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №2 мектеп базасында өткізді. Кездесу алдында депутат мектеп ғимаратын аралап, ағымдағы жөндеуді қажет ететін нысанның жай-күйімен танысты.

Жиынға Ленгір қаласының әкімі Мақсат Жұмабаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Шұға Нұрабаева, сондай-ақ тұрғындар мен мектеп ұжымы қатысып, өңірдегі өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Кездесу барысында білім беру нысандарының жағдайы, инфрақұрылымдық түйткілдер және оларды шешу жолдары қарастырылды.

Депутат өз баяндамасында партияның сайлауалды бағдарламасы негізінде әзірленген Жол картасының өңірде орындалу барысына тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. Төле би ауданында соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар оң өзгерістер бар екені айтылды. Атап айтқанда, аудан толықтай табиғи газбен қамтылған өңірлердің бірі саналады. Сонымен қатар ауылдық жерлерде ауыз су, жол және интернет инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жақсарып келеді.

Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту бағытында жүзеге асырылып жатқан  «AMANAT» партиясы  қолға алған «TURǴYNDAR AMANATY» пилоттық жобасының маңызы да кеңінен түсіндірілді. Бұл жоба көпқабатты тұрғын үйлерді басқаруда ашықтықты арттырып, тұрғындардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын күшейтуге бағытталған. 100-ге жуық көпқабатты тұрғын үйі бар Ленгір қаласы үшін бұл бастаманың тиімділігі жоғары екені атап өтілді.

Жиын барысында тұрғындар тарапынан нақты мәселелер көтерілді. Соның бірі «Шаңырақ» шағын ауданындағы инфрақұрылымның жеткіліксіздігі. Тұрғындардың айтуынша, аталған аумақта жол, ауыз су және өзге де инженерлік желілер толық жүргізілмеген. Бүгінде мұнда ондаған тұрғын үй салынғанымен, қажетті инфрақұрылым мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Алдын ала есептеулерге сәйкес, бұл мәселені толық шешу үшін шамамен 680 млн теңге көлемінде қаржы қажет.

Screenshot_3.jpg

Сонымен қатар «Алатау» шағын ауданында инфрақұрылымды дамыту бағытында бұрын республикалық бюджеттен қомақты қаражат бөлініп, жұмыстардың басым бөлігі жүзеге асырылғаны айтылды. Ал «Шаңырақ» аумағында тиісті қаржы қарастырылған жағдайда жол төсеу, жаяу жүргіншілер жолын салу, жарықтандыру және су жүйелерін жүргізу мәселелері толық шешімін табады.

Кездесуде білім беру сапасын арттыру және мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелері де күн тәртібінен түскен жоқ. Аудандық білім бөлімінің басшысы бірқатар білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтіп, алдағы уақытта бұл бағытта нақты шаралар қабылданатынын жеткізді.

Жалпы, есептік кездесу барысында көтерілген мәселелер халық пен билік арасындағы тиімді кері байланыстың маңызын көрсетті. Тұрғындардың ұсыныс-пікірлері назарға алынып, оларды кезең-кезеңімен шешу бағытында жүйелі жұмыстар жалғасатыны айтылды.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі


Президент подпишет Указ о популяризации культуры чтения
В ОБЛАСТНОЙ ПРОКУРАТУРЕ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОШЁЛ «ДЕНЬ ОТКРЫТЫХ ДВЕРЕЙ» ДЛЯ МОЛОДЁЖИ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу