ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНДА ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН “АШЫҚ ЕСІК КҮНІ" ӨТТІ

Түркістан облыстық прокуратурасында жастарға арналған “Ашық есік күні” өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды құқық қорғау органдарының қызметімен таныстыру, құқықтық мәдениетті арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Аталған шараға 60-қа жуық жас қатысып, прокуратура органдарының қызметі, оның ішінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылықтың сақталуын қадағалау бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Кездесу барысында облыс прокурорының орынбасары Дәулет Тлемисов жастармен ашық диалог жүргізіп, прокуратура органдарының негізгі міндеттері мен қызмет бағыттарын түсіндірді. Сонымен қатар, ол кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше тоқталып, заң талаптарын сақтау, жауапкершілік пен құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығын атап өтті. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.
Айта кету керек, жыл басынан бері облыс аумағында прокуратура органдарының ұйымдастыруымен барлығы 45 экскурсия өткізіліп, оған 1500 жас қатысты. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, жастар арасында құқықтық түсіндіру шаралары тұрақты ұйымдастырылуда. Одан бөлек, өңірде “Қауіпсіз балалық шақ” жобасы аясында облыс прокурорының орынбасары Дәулет Тлемисовтің қатысуымен ауқымды тікелей эфир өткізілді. Аталған онлайн кездесуге бір мезетте 300 мыңға жуық оқушы қосылып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық тақырыптар бойынша толыққанды жауаптар алды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі


