«Ағаш отырғызу – игілікті істің бастауы» атты экологиялық шара өтті

Oinet.kz 04-05-2026

Screenshot_13.jpg

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» акциясы аясында Түркістан облысы, Түркістан қаласында «Ағаш отырғызу – игілікті істің бастауы» атты экологиялық шара өтті.

Аталған акцияға облыс әкімі бастап, қоғам белсенділері мен түрлі ұйым өкілдері қатысты. Іс-шара барысында «Ауыл» партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал аппарат басшысы, облыстық мәслихат депутаты Әжіметов Нұржан Нұрмаханбетұлы да қатысып, өз ағашын отырғызды.

Бұл игі бастама қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және жасыл желекті көбейту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Өңірлік филиалдарының І тоқсан қорытынды жиналысы өтуде
Сайрам ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу