Кантон жәрмеңкесінің 139-шы көрмесі өтуде

Бүгін Қытай Халық Республикасының Гуанчжоу қаласында әлемдегі ірі көрмелердің бірі – Кантон жәрмеңкесінің 139-шы көрмесі өтуде. Аталған халықаралық алаңда заманауи технологиялар мен инновациялық жобалар кеңінен таныстырылуда.
Аталған көрмеге “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы қатысып, жаңа технологиялық жетістіктермен танысты.
Халықаралық тәжірибе алмасу алаңы саналатын бұл көрме ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласына жаңа мүмкіндіктер ашуға ықпал етеді.


