Өндірістік процеспен және заманауи технологиялармен танысты.

Бүгін Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласында “Sandwich” панель өндіретін зауытта өндіріс барысы таныстырылды. Аталған кәсіпорынға “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы арнайы барып, өндірістік процеспен және заманауи технологиялармен танысты.
Зауытта қолданылатын озық технологиялар құрылыс саласының сапасын арттыруға және тиімділігін күшейтуге бағытталған. Мұндай тәжірибе алмасу алдағы уақытта өңірде жаңа өндіріс орындарын ашуға және инвестициялық жобаларды іске асыруға оң ықпал етеді.


