Өнегелі әжелерге құрмет көрсетілді

Oinet.kz 04-05-2026

Screenshot_21.jpg

Бүгін Созақ ауданының Шолаққорған ауылында «Қазақ аналары – дәстүрлі жол» республикалық қоғамдық бірлестігі аясында өнегелі әжелерге құрмет көрсетілді.

Іс-шара барысында «Ауыл» партиясының Сарыағаш ауданы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Салыбек Қайрат Келесұлы, Созақ ауданы бойынша аумақтық ұйымның төрағасы Бабиев Амангелді Абибуллаұлы және аудандық мәслихат депутаты Сапарбаев Рыскелді Ұнсарыұлы бірлестік мүшелерін партияның 25 жылдық мерейтойына арналған арнайы төс белгісімен марапаттады.

Бұл марапат – ұрпақ тәрбиесіне сүбелі үлес қосып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген ардақты әжелерге көрсетілген зор құрметтің белгісі. Іс-шара барысында ізгі тілектер айтылып, аналар мен әжелердің қоғамдағы орны ерекше екені атап өтілді.

Тоқаев сыйға тартылған тұлпарларды көрді
Ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу