Блогер Джузефина 10 тәулікке қамалды

Oinet.kz 25-06-2026

Джузефина лақап атымен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева әлеуметтік желідегі тікелей эфирлері үшін 10 тәулікке қамалды. 

Screenshot_1.jpg

Алматы полициясының мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында блогер қыздың әкесі тарапынан өзіне қатысты зорлық-зомбылық жасалғаны туралы мәлімдемелері, сондай-ақ балағат сөздер айтқан және қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де әрекеттер көрсетілген бейнежазбалары анықталған.

“Аталған жария мәлімдемелер бойынша тексеру жүргізілді. Контент авторы және оның ата-анасы анықталып, олардан жауап алынды. Құқыққа қайшы әрекеттер туралы ақпарат расталмады”, – делінген полиция хабарламасында.

Сонымен қатар видеода блогер тыйым салынған заттарды қолданғанын көрсеткен. Медициналық тексеріс блогердің есірткі заттарын қолдану фактісін растады.

Сондай-ақ блогердің әрекеттерінен ұсақ бұзақылық жасау және жалған ақпарат тарату сияқты әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған.

Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот қарауының нәтижесі бойынша құқық бұзушыға 10 тәулік әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды. 

Жұманғарин елге тартылған шетелдік инвестиция көлемінің азаюына қатысты пікір білдірді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу