Жамбыл облысында 78 миллион теңгеге жауаптылар жазаланды

Oinet.kz 27-06-2026

Жамбыл облысында мектепті күрделі жөндеу кезінде бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды.  Бас прокуратура мәліметінше, Тұрар Рысқұлов ауданының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығына талдау жүргізген.

se6a0WGAzDntGR8EyA3IqiN8DcpILNGDBzCL3evl.jpg_width1200XheightautoXtype1.jpg

Тексеру барысында Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектепке жүргізілген күрделі жөндеу кезінде мердігер ұйымға орындалмаған жұмыстар үшін 78 миллион теңгеден астам қаражат төленгені анықталды. 

“Прокурорлық қадағалау актісі негізінде аталған қаражат толық көлемде бюджетке қайтарылды. Аудандық білім бөлімі, мердігер ұйым, авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асырған тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 317-бабы (Сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 1,4 миллион теңге айыппұл салынды”, – делінген хабарламада. 

Қабылданған шара нәтижесінде мердігер ұйым жөндеу жұмыстарын толық көлемде әрі белгіленген мерзімде аяқтады. Осыдан кейін мектеп пайдалануға берілді.

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ БАСШЫЛАРЫ МЕН ӘКІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
Әкесін өртеуге қатысы бар деген күдікке ілінген балалар үйқамаққа алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу