Көшпелі құқықтық керуен өтті

«Тура жол» жобасы аясында Жастар бастамаларын дамыту орталығы Павлодар аудандық прокуратурасымен, Павлодар облысы Полиция департаментімен және «Заң және Тәртіп» идеологемасының амбассадорымен бірлесіп «Құқықтық тәртіп – шекарасыз: аудандардағы көшпелі жұмыс» атты көшпелі құқықтық керуен өткізді.
Кездесу спикерлері:
• Бұламбаева Жәмилә Ақылбайқызы – «Нефтехим LTD» ЖШС қызметкері, «Заң және Тәртіп» идеологемасының амбассадоры;
• Манфағатов Айтуар Қанатұлы – Павлодар аудандық прокуратурасының прокуроры;
• Ахметов Руслан Мұхаметқанұлы – полиция майоры.
Кездесу барысында қатысушылар құқықтық мәселелерді талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Осындай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Шықпалы кездесулер барлық қала мен аудандарды қамтиды.


