Отырар ауданында «Мен Отанымды қорғаймын» атты семинар өтті

Oinet.kz 30-06-2026

Screenshot_15.jpg

Отырар ауданында әскери қызметшілердің патриоттық рухын арттыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапкершілікті насихаттау мақсатында «Мен Отанымды қорғаймын» атты семинар ұйымдастырылды.

Іс-шараны «Ауыл» партиясының Отырар ауданы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы Есенбаев Нығмет Сейітұлы өткізді.

Семинар барысында Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы екені, әскери қызметтің маңыздылығы мен ел тыныштығын сақтаудағы сарбаздардың рөлі кеңінен айтылды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, патриоттық тәрбие мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында ой бөлісті.

Ел қорғаны – ертеңгі ұрпақтың бейбіт болашағының кепілі.

Сайрам ауданында ардагерлер мен ауыл ақсақалдарына құрмет көрсетілді
Қазақстандық дәрігер-резиденттер оқу ақысының 4 млн теңгеге қымбаттауына шағымданды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу