Тоқаев Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Oinet.kz 06-07-2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы құттықтауында Тұңғыш президенттің заманауи қазақ мемлекеттілігінің негізін қалау, Қазақстан Республикасын құру, еліміздің экономикалық әлеуетін нығайту және халықаралық аренадағы орны мен беделін бекемдеу жолындағы тарихи миссиясын атап өтті.

Screenshot_1.jpg

Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы Астанаға көшіру туралы шешімінің маңызы айрықша екеніне тоқталды.

"Елорданың Сарыарқа төсіне көшірілуі Қазақстанның жан-жақты өркендеуіне тың серпін берді. Бүгінде Астана қарыштап дамып, әлемдегі көрікті шаһардың біріне айналып келеді", – делінген құттықтауда.

Мемлекет басшысы Тұңғыш президентке мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тіледі.

Ұрланған көлік сатып алған қазақстандық сот арқылы ақшасын қайтарып алды
Болат Назарбаевтың өгей ұлы АҚШ-тағы зәулім үйді небәрі 4800 теңгеге сатып алған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу