Қазақстандық мұнайшылар орташа 1,2 миллион теңге жалақы алады
Қазақстандағы мұнай-газ саласы қызметкерлері айына орташа 1,2 миллион теңгені жалақы алады. Қазақстанның мұнай-газ саласында шамамен 65 мың адам еңбек етеді.

“Көмірсутектерді барлау және өндіру саласы елдегі ең жоғары жалақы төленетін салалардың бірі саналады. Саладағы орташа айлық жалақы – 1,2 миллион теңге”, – дейді Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев.
2025 жылдың қорытындысы бойынша мұнай-газ саласына кадр даярлауға 18,7 миллиард теңге, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға 10,1 миллиард теңге бөлінген. Сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына 45,5 миллиард теңге бағытталған.


