Алматыға апарар соңғы шақырымдар

Oinet.kz 20-08-2026

123.jpg

Армысыздар, жолымызға тілекші, сапарымызға ниеттес ағайын!

Алматыға жетуге де аз ғана жол қалды. Алайда дәл осы соңғы шақырымдар біз үшін ең ауыр кезең болып тұр. Жол бойы жиналған шаршау, аптап ыстық, ұзақ сапардың салмағы сезіледі. Жас ұлғайған сайын бұрынғыдай жеңіл жүре алмайсың. Кей сәттерде аяқ жүрмей, ал алдағы жол бітпейтін белес секілді көрінеді.

Шығанақ ауылынан жолымызды жалғастырып, 140 шақырымнан астам жол жүріп, Ақсүйекке тоқтадық. Осы жолда қазір шәкірттерімнің көмегіне көбірек сүйеніп келемін. Қиын сәттерде жанымнан табылып, қолдау көрсетіп жүрген азаматтарға алғысым шексіз. Адамға ұзақ жолда серік болатын да, жігер беретін де – осындай азаматтардың ықыласы.

Жасыратыны жоқ, қазір оңай емес. Дегенмен бұл жолды өз еркімізбен бастадық. Ендеше қандай қиындық кездессе де, бастаған ісімізді соңына дейін жеткізу – басты міндетіміз.

Біздің Алматыға сапарымыздың мәні мәреге жетумен ғана шектелмейді. Бұл – елге деген сүйіспеншілікті, азаматтық жауапкершілікті, табандылықты көрсетуге бағытталған жол. Әсіресе жастарға айтарымыз: үлкен мақсаттар құр сөзбен емес, әр адамның нақты ісімен, жеке қатысуымен жүзеге асады.

Сондықтан бізге жылы сөздеріңізбен, ақ тілектеріңізбен демеу болыңыздар. Ал ең үлкен қолдау – 23 тамызда сайлау учаскесіне барып, өз азаматтық таңдауыңызды жасау. Бұл – ел болашағына бейжай қарамайтын әр азаматтың жауапкершілігі.

Алматыға да жақындап қалдық. Қанша қиын болса да, соңына дейін барамыз. Жолымыз сәтті, ниетіміз ақ болсын!

Алматыда аман-есен жүздескенше, ағайын! 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мендыбай Алимгазинов (@mendybaialimgazinov)

Алматы облысында 17 жастағы оқушы көз жұмды
ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу