Мүгедектерге бөлінген қаржыдан 101 млн теңге жымқырған

Oinet.kz 05-09-2019 956

Картинки по запросу мүгедек арбасы

Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Е. Әбішев Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арбаны жеткізуде 101 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Ж. Әбішев және оның бауыры Е. Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров апта сайынғы брифингте Ж. Әбішев өзінің бауыры Е. Әбішевті пайдаланып, кәсіпкерлікке қызметке заңсыз атсалысқанын және шенеунік бауырына жұмысты ұйымдастыруда қамқорлық танытқанын айтты. 

«Сотқа дейінгі тергеу сатысында Әбішевтер келтірген шығынның орнын толтырды және прокуратурамен кінәсін мойындау туралы процессуалды келісімге қол қойды. Осы жылдың 5 қыркүйегінде Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы сотының үкіміне сәйкес, Ж. Әбішевке 2000 АЕК көлемінде айыппұл тағылды, сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте ешқандай лауазымды қызмет атқара алмайды», - деп қосты Бигайдаров.

Ал бауыры Е. Әбішев шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қыркүйек айында жекпе-жек өткізетін отандық боксшылар тізімі жарияланды
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының металлургиялық комбинатында апат болып, төрт адам жапа шекті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу