Шымкентте мектеп оқушылары атысып, бір бала ауыр жарақат алды

Oinet.kz 10-09-2019 924

Картинки по запросу на руке пистолет

Шымкентте түс кезінде №65 және №46 мектеп оқушылары топтасып, бір-біріне тас атқан. Куәгерлердің айтуынша, қақтығыс кезінде екі рет оқ атылған. Төбелеске 30 шақты бала қатысқан, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі nur.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бірінің арқасынан бірі қуалап келе жатты. Қолдарында обрез. Біреуінде ОСА-ау деймін, екі рет атты. Тура Сайрам мөлтек ауданы, жолдың бойында. Ар жағындағы қарсыластары таспен ұрды. Бірін бірі қуалап, ақырында біреуін мына жерге келіп пышақтады, сол кезде полицейлер келді", – дейді куәгерлердің бірі.

Пышақталған №65 мектептің 11-сынып оқушысы. Қолынан жараланған оған жедел жәрдем шақыртылды. Бұзақылық жасаған бес-алты баланы полиция алып кеткен. Оқиға орнында криминалистер жұмыс істеуде.

Басылымның мәліметінше, жанжалдасқан көршілес екі мектептің жоғары сынып оқушылары көрінеді. Сол маңда болған оқушының бірі өзара мықтыны анықтау үшін жанжал туғанын айтады.

Ал жарақат алған баланың ұстаздары оның жанжалға қатысы жоғына сенімді. Олардың айтуынша, сабақтан шыққан шәкірті полицияға өзі хабар берген.

"Неге, не жағдай десек, бұл балалар топырлап бізді қуды дейді. Оқушы полиция келгенше балаларды ұстап тұрғанын айтты. Ол қолынан жарақат алды. Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы. Алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Анасымен бірге хирургқа алып кетті", – дейді директордың орынбасары .

Қазір полиция тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Дәрігерлер жарақат алған оқушының жағдайы жақсы болған соң үйіне жіберілгенін хабарлады.

Шымкентте «Президенттік жастар кадр резервіне» іріктеу басталды
Қазақстандық олигарх Лос-Анджелестегі вилласын 30 млн долларға сатпақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу