Әнші Луина мен жұбайы Артем үйлену тойына қанша қаржы жұмсады?

Oinet.kz 24-09-2019 1466

Картинки по запросу Луина артем свадьба

Танымал әнші Луина 32 жасында жолықтырған махаббаты 25 жастағы Артем Обуховпен отау құрды. Екеуі дүркіретіп той жасаса да, еш шығындалмаған екен. Сән-салтанаты жарасқан той кешін «Жан әлемі груп» компаниясы және «Свадьба кз» сайты ұйымдастырған екен, деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі Ревю арнасына сілтеме жасап.

Неке қию салтанаты ашық аспан астында өтті. Қызыл кілеммен қалыңдықты алып келіп, күйеубаласына тапсырған Луинаның жалғыз туған ағасы болды. Әнші – Асқар маған әке орнын басқан жан деп сыр бөлісті.

Луинаның киген қалыңдық көйлегі де көпті қызықтырды. Dream Dress брендінің Харпер стиліндегі көйлегін мыңның арасынан таңдап алдым дейді ару. Ал, автопатиге киген қысқа көйлегі – тігінші Елена Аушахметованың қолынан шыққан. Оны әнші инстаграмдағы оқырмандарының біріне сыйға тартпақ.

Жас жұбайлар үш қыз жолдас пен үш жігіт жолдас белгілеген. Жания Джуринская, Мақпал Исабекова мен Анар Батырхан қалыңдықтың құрбылары ретінде, неке қию рәсіміне куәгерлік етті.


Бюджеттен 500 миллион теңгеден астам қаржы ұрлаған шенеунік өз бизнесін жүргізген
Маңғыстауда егіз жігіттер егіз қыздарға үйленді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу