Маңғыстауда егіз жігіттер егіз қыздарға үйленді

Screenshot_12.jpg

Маңғыстау облысында екі егіз жұп үйленді. Жаулы мен Жары есімді егіз жігіттер егіз қыздарды достарының үйінде кездестірген. Содан бері олар айырылмастай болып, 22 қыркүйек күні отбасын құрған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Oinet.kz

Егіз жігіттердің анасы Гүлбаршын Исаева егіз келіндері жайлы қалай білгенін және оларды қалай ажырататынын айтып берді.

"Келіндерімнің сыртқы келбетінде де айырмашылық бар. Біреуінің кекілі бар, ал екіншісінде жоқ. Мінездері де басқа. Сол себепті, оларды шатастырып алу қиын. Әсіресе, оларды мен тез ажыратамын. Балаларым егіз болғандықтан, тәжірибем көп қой.

Мен оларды ешқашан шатастырған емеспін. Сырт келбеттері бірдей болғанымен олар әртүрлі, бірақ өзге адамдар оларды жиі шатастырып алып жатады", - дейді ол.

Гүлбаршынның сөзінше, ұлдары егіз-серіктерін осы жылдың сәуір айында кездестірген. Олар Жанар мен Шынарды бірден ұнатып, танысуға асыққан.

Ал бұл кездесу жайлы естіген туыстары оқиғаның барысын бақылай бастаған.

Бүгінде енесі дәл осындай келіндердің келгеніне қуанышты. Жас келіндер оған үйде көмектесіп, қолғабыс етіп жүр.

«Тойға дайындық шамамен 20 күнге созылды. Екі үйлену тойын жасадық. Әрқайсысына 400 қонақ шақырдық. Той 21 және 22 қыркүйекте өтті. Барлық туыстар мен достарымыз келді. Үйлену тойы Жаңаөзенде өтті», - деді ұлдардың анасы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан: «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 95 жылдық торқалы тойы өтті
  • Әбдірахымов, әлде Сауранбаев ... Есеп комитеті Шымкенттен қаржылық кемшіліктер анықтады
  • Адалдық - әділдіктен басталады
  • Кредит тағы кешірілетін болды
  • Тоқаевтың Қырым туралы сөзінен кейін Украинаның СІМ Қазақстан елшісін шақырды
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика