Шымкентте пара алғаны үшін 23 лауазымды тұлға сотталды

Oinet.kz 26-09-2019 879

image.png

Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали жыл басынан бері қалада сыбайлас жемқорлықпен 33 лауазымды тұлға тіркелді, деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Асхат Жұмағалидің сөзінше, тіркелген қылмыстардың қатарында 20 парақорлық және 18 жымқыру дерегі бар. Салаларға бөліп қарағанда құқық қорғау органдарында - 10, ауыл шаруашылығы саласында – 5, жер қатынастарында – 3, білім беру және денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету салаларында бір қылмыстан анықталған.

Сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін 33 тұлға ұсталып, 23-і сотталған. Оның ішінде біреуі республикалық, 3-уі облыстық, 2-уі – аудандық деңгейдегі басшылар.

Жемқорлық қылмыстарын жасауға ықпал еткен мән-жайларға сараптама жүргізіліп, оларды жою бойынша 100-ден астам ұсыныс енгізілген. 39 лауазымды тұлға әртүрлі тәртіптік жазаға тартылып, 4-уі атқарып отырған лауазымынан босатылған. Тағы 11-і жұмысынан шығарылды

Мессенджерде жалған ақпарат таратып, митингке шығуға үгіттеген
Бауыржан Байбек бірнеше депутатты жұмыстан шығарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу