Оқушылар "Тайқазанның оралғанына - 30 жыл" көрмесін тамашалады

Oinet.kz 27-09-2019 1050

Screenshot_6.jpg

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы №14 жалпы орта мектебінде «Тайқазанның оралғанына - 30 жыл» атты кітап фото көрмесі және лекция өткізілді. 

Аталған  шараға мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты. 

Screenshot_7.jpg

Көрмеге қорық- музей қорында сақталған орыс саяхатшысы А.Кунның альбомына жинақтаған еңбектері, 1935 жылы Тайқазанды Санкт-Петербургке  алып бара жатқандағы және Эрмитаж музейінің экспозициясына қойылған бірегей фотолары мен 1989 жылы Эрмитаж музейінен Тайқазанды шығарып жатқан сәтінің суреттері қойылып, олардың әрбірінің тарихы түсіндірілді.

 Оқушылар жәдігерлерге қатысты көптеген сұрақтар қойып, мамандармен пікір алмасты.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

Газға уланып қалған қостанайлық ерлі-зайыпты зейнеткерлер көз жұмды
Түркістан: Қоғамның құнды қазынасы – балалармен рухани кездесу өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу