Геннадий Головкин жекпе-жектен шеттетілді

Oinet.kz 08-10-2019 11603

Похожее изображение

Қазақстандық боксшы, әлем чемпионының екі титулын жеңіп алған Геннадий Головкин жекпе-жектен шеттетілді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

5 қазанда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченконы (13-1, 10 КО) жеңіп, IBF және IBO титулдарына ие болған еді.

BoxRec.com-ның хабарлауынша, Нью-Йорк штатының Атлетикалық комиссиясы Геннадий Головкинге рингке шығуға тыйым салды. Бұл кездесулерден кейін жасалатын әдеттегі шара. Себебі кездесуден кейін екі спортшы да ауруханаға жеткізілген болатын. Деревянченко оң көзін зақымдап алса, Головкин қолын жарақаттаған.

Спортшының қалпына келуі үшін жекпе-жек өткізуге шектеу қойылады. Деревянченкоға қатысты да осындай шара қолданылды.


Медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды
Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаментінде кездесу өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу