Тиянақты мақсат

Oinet.kz 07-11-2019 854

тиянақты мақсат.jpg

Нақты мақсат қоя білу жайындағы тамаша әпсана.

– Тілекті тіркеу бөлімі, тыңдап тұрмын?

– Тілек: еркекті қалайды. Ажалды әйел пенде А1Д8К6.

– Сенің пендең қандай еркекті қалайтынын айтпаған ба?

– Сенімді еркекті қалайды. «Қандай жағдайда да қасымнан табылатын» деді.

– Болды ма?

– Болды.

– Дым қиялы жоқ осы адамдардың... Жарайды, келесі өмірінде Сиам егізі болсын деп жазайын. Тілекті тіркеу бөлімі, тыңдап тұрмын?

– Бала сүйгісі келеді. К18Р3Б46.

– Қандай бала?

– Кез келген... шығар...

– Жынысы? Жасы? Денсаулығы? Сырт әлпеті? Өткен өміріндегі қай дарын-қабілетін қалдырамыз?

– Ол не ғой... ондай мағлұмат жоқ...

– Онда маған реніш болмасын... Тіркеу бөлімі, шамасы, мазохистік тілектерді тіркейтін сияқтымыз?...

– Ақша керек. С4Ж9Ф1.

– Қанша?

– 2 000 000 сом.

– Неге екі?

– Солай қалады.

– Бір миллион жіберемін. Не үшін екенін анықтап, көбірек сұрап үйренсін. Тілекті тіркеу бөлімі, тыңдап тұрмын?

– Р2000Б14Х9. Ақ марғауды тілейді, үстінде қара дақтары, аяқтары қолғап кигендей, маңдайында жүрек сияқты белгісі бар, өте нәзік марғау болсын, бірге ұйықтайтындай. Себебі: біреумен ойнағысы келеді.

– Қабылданды. Әйтеу, балаларының қиялы шексіз. Тіркеу бөлімі. Тілек тіркеу ғой. Тыңдап тұрмын?

– Өзіне жақсы өмір тілейді Ф30М6Ч1.

– Ол үшін «жақсы өмір» деген не екен?

– Өте үлкен, жарқын, жарық бірдеңе...

– Миыма тек ядролық жарылыс кеп тұрғаны... Жоқ! Қабылданбайды. Ақымақтар. Сосын тағы да тілегім орындалмады деп ойбайлайды ғой... Тілек тілегенді де білмейді бұл адамдар... Үйрену керек қой!

Аударған Шынар Әбілдә


Толыққанды өмір ешкімде жоқ
Мүмкіндік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу