Халяль, Халал әлде Адал?

Oinet.kz 07-11-2019 1042

Қой.jpg

Фото Массагет.кз

Қойды кезекпен бағудың өзі бір үлкен әңгіме ғой. Әр түрлі қызықтармен толып тұр. Қуана шығасың-қуана қайтасың. Дорбаға салып алған тағамның дәмі де өзгеше. жәй нан мен пияздың өзі не деген дәмді еді ол кезде?! Суды мөлшерлеп ішсеңде таусылады. Шөлдегеннен соң не істейсің? Біраз амалдап шыдайсың. Төзе бергенше одан да көп шөлдеп,арыққа бассала жүгіресің. Қана ішіп алып мәз жүресің,бірақ іш ауыру, басқада мазалану деген жоқ ғой ол кезде.

Бірақ сол күні қайту онша қуанышты болмады. Әділ ағам ойлана ойлана, мен қорқа қорқа, Шаxабай көкеге қойдың жоңышқаға түскенін, іші кеуіп бауыздағанамызды шынымен айтсақпа?! Әлде ойымызға келгенді құрастырсақпа?! Ол , әрине кіші болғаным үшін мені көп қызықтырмасада. Қанша дегенмен таяқ жейтініміз мәлім.

Сонымен кеш жақындап-жайлап ауыл жақа қайта бастадық. Каналдың арғы жағында қойын күткен ауылдастар тұр екен. Олардың ішінде көзіміз Шаxабай көкені іздеуде. Қарасақ тұр екен, әр дайым тұрғандай қабағын түйіп. Қойын жиған көршілер қайтып жатыр үйлеріне. Біз ешектін ертоқымының үстінде бауыздалған қоймен Шаxаңа жақындадық. Болған жағдайды көке түсініп біздің күткен айқай шуды шығармай, көп әңгіме жасамай бірнеше сұрақ қойды бізге

-ия, не болды?

- көке, байқамай қалыппыз, қойлар жоңышқаға түсіп кетіпті.

- Бауыздап үлгердіңдерма, қан шықтыма?

- Ия, тірі кезінде бауыздадық

- Арам өлген жоқ ғой?

- Ия көке, бауыздадық

- Адал екеніне кепілдік бересіңдерма?

- Кепілміз

- Маған бір қой дүние емес, бір рет қазанға басам, жеу нәсіп шығар екен, бірақ пісірген кезде арам болса ет білдіреді,онда аямаймын. Бірақ адал болса жеп-бір нәрсе де талап етпеймін-деді.

Сұрақтарына қанағаттандырайда жауап берсекте қорқым басылмады.

Мен ол кезде арам-адалдың не екенін көп түсінбеймін де. Қорққанымнан үйге келгеннен ұйқтай салдым. Таңертең тұрсам тыныштық, айқай шу жоқ. Көшеге шығып қараймын, Шаxабай көке келе жатырмекен деп. Содан қойкезекші көрші қырға қарай айдап кетті. Бір әңгіме жоқ. Кешке дейін күттім, келіп жатқан ешкім жоқ. Ауылдың қойы кешке қайтарда алдына өзңм шықтым, кішкене Шаxаңа жақыгдайын, байқайын деп. Сөйтсем Шаxаң мәз біреулермен әңгімені ұрып жатыр. Кешегі мәселеден із де жоқ.

Айтарым:

Сол кездің өзінде xалқымыз адалды да арамды да өз атымен атап, көп сөйлемей ақ пен қараны ажыратқан, орны келгенде үлгі бола білген.

"Мың насиxаттан-бір әрекет жақсы" демекші

Өмірім бойынша адал мен арамды осы сабақтан алдым.

Шаxаңның жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны жұмақта-тәні раxатта болсын!!!

Әскер Пириевтің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Аллаға сенбеймін
Хадис жаттаудың артықшылығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу