Күйеуінен зәбір көрген мылқау қыздың тағдыры

Oinet.kz 02-06-2020

Айнаш Өтеғұлова мен анасы Нұрсұлу Ембергенова Өзбекстаннан 2009 жылы Қазақстанға көшіп келген. Айнаш Өтеғұлова мылқау жан. Құлағы естімейді, сөйлей алмайды. Өзі тағдырлас жанмен бас қосқан ол зәбір көрген соң анасына қайтып келгенін айтады.

news_full1591088986625ced1ce82303073a52f6efad0b1454.jpg

Бұл туралы "Кел, татуласайық" бағдарламасында айтылды.

Айнашты өзі секілді мүгедек жан алып қашып кетіп шаңырақ құрады. Күйеуі Өзбекстанның тұрғыны. Айнаш жолдасымен бір жыл Өзбекстанда тұрған. Бұл аралықта бала көтере қоймаған соң Қазақстанға үйіне әкеліп тастайды. Анасы қызын емдетіп, ақыры бала көтереді. Бұл кезде қайта күйеуімен қосылады. 

"Күйеуі жалынып сұранған соң, екі жасты айырмайын деп қайта қостым. Бала көтерді. Бірақ күйеуі ішімдік ішіп, қызымды ұрып-соғып, ол уақытынан бұрын босанып қойды. Ата-енесі шала туған баланы бағып, адам қылды. Атасы марқұм болып кетті. Қайын әпкелері, енесі, күйеуі қызымды адам құрлы көрмейді. Ұрып-соғады. Балаларыңды тастап, өзің кет дейді", - деді анасы.

Анасы қызының сөзін аударып айтып берді. 

"Ол жақта мені ешкім менсінбейді. Күйеуім ақшамды алып қояды, арақ ішеді. Қайын жұртым мені жұмсайды, айтқанын істемесем ұрып-соғады. Балаларымды бермей отыр. Мен ол жаққа барғым келмейді. Мүлде қайтып бармаймын. Тек балаларымды берсе деймін. Қайта қосылғым келмейді. Атам жақсы кісі едім. Марқұм болып кетті", - дейді Айнаш.

Айнаштың екі баласы Өзбекстан азаматтығын алған. Үшінші баласы ғана Қазақстанның азаматы. Үш баласының да дені сау. Сөйлей алады. Үлкен ұлы 2010 жылы, екінші қызы 2015 жылы туған. 

Айнаш пен анасы екі баласын анасына қайтаруға көмек сұрайды. Алайда Айнаштың өзінің Өзбекстан еліне қайта барғысы жоқ.

Бағдарлама қонақтары Айнашқа күйеуімен қайта қосылуға кеңес берді. Кейбірі азапқа төзбей өзінше өмір сүрсін дейді. 

Желіде Заманбек Нұрқаділовтың мұрағаттағы суреттері пайда болды
Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×