Ұрланған тағдырлар: тұтқындағы тұрмыс

Oinet.kz 29-07-2020 1531

Өмірге күлгін көзәйнекпен қараушылық көптеген адамдырдың бойынан байқалады. Адамдықтан аттап, кісі тағдырының өңін кетіруге құмар жандар көп кездеседі. Қанішерді өмірде кездестіру – азап әрине, онымен өмір сүру айтып жеткізгісіз эмоциялар тізбегін құрайды.  Мақаламызға тағдыры арқау кейіпкерлеріміз құтқарылған. Дегенмен сіз де тұтқынға айналмаудың амалын жасаңыз. 

Наташа Кампуш

image.png

Наташа Капмуштыңтауқыметі – балаларды  ұрлаудың ең танымал оқиғаларының бірі.  Тұтқында болған қорқынышты жылдардағы оқиғалар көптеген кітаптар мен фильмдердің, соның ішінде сенсациялық "3096"киножобасының негізін қалады.

Наташаның өмірі 10 жасына дейін қалыпты бояумен түрленді. Австриялық бүлдіршіннің одан кейінгі өмір жолы қалыптан тыс бұрылысқа тап келді. Наташа Кампуш 1998 жылы 2 наурызда мектепке кеткеннен үйіне оралмады. Наташаның анасы іздеу салғанда, белгісіз ер адамның ақ фургонға отырғызғанын көрген екі куәгер табылды. Бұл ақпарат тергеу жұмыстарына көмек бере алмады.  Полиция 500-ден астам күдіктіден жауап алды. Күдіктілердің арасында шынайы қылмыскер де болған. Дәйекті дәлел болмауы салдарынан нақты қылмысқа қатысты адамды айыру мүмкін болмаған. 

image.png

Қызды ұрлаушы ретінде оған деген қатаң қатынасы үшін анасы да айыпталған. Наташаның нағыз ұрлаушысы Вольфганг Приклопил  еді.  Қылмыскер қызды мектепке барар жолда ұрлап алып кеткен. Үйінің бункерлік бөлмесіне бүлдіршінді қамап тастайды.  Бұл кішкентай бөлмеде Кампуш сегіз жылдан астам уақыт тұтқында болды. Алғашқы жылдары "камерасынан" шығуға да құқылы емес еді. Төрт қабырғада Прикопильден қорлық көріп күнін өткізетін.   Маньяк Наташаға кейінірек серуендеуге рұқсат берген. Бірнеше жылдан кейін ол тіпті Венадағы тау шаңғысы курортына  қызды ерте барады. Бірақ қыздың бостандыққа қашып кету мүмкіндігі болмады. Босатылғаннан кейін Кампуш маньякта тұтқында болған тұрмысы жайлы:

Мен кепедегі тауықтай едім. Барлығын көргенмен , сырттағылар байқамайтын. Ол сәт нағыз үмітсіздік құрсауында едім.

image.png 

Тек 2006 жылы23 тамызда  Наташадан қашып кетуге мүмкіндік туды. Приклопиль тұтқынына көлігін тазартуды тапсырады. Кампуш автокөлік салонындағы шаңнан тазартуға шаңсорғышты қосып қояды.  Бақ болар, Вольфганг телефонда  тілдесіп жатады. Наташа шаңсорғышты қосулы күйде қалдырып, жүгіре береді. 

Көршілес бірнеше жер тілімінен өтеді. Инга есімді 71 жастағы көршісі қызды үйіне кіргізіп құтқарады. Ізінше  полицияны шақырды.  Наташаның жеке тұлғасы анықталған соң, қылмыскер іздестірілді. Вольфганг Приклопил  ол сәтте өзіне қол жұмсап қойған еді. Ортасына сыйлы, жауапкершілігі жоғары азаматтың не үшін бұлай әрекет еткені жұмбақ болды. Наташа естеліктерінде Вольфгангтың әркез өзін қылмыскер деп тапса, өлім жазасына кесетінін айтумен болған. 

Босатылған Наташаның дене тұрқы қалыпты еді. Аздаған соққыдан қалған жеңіл жараққаттары болған. Психологтармен жұмыста жасына сай ой кеңістігін таныта білген. Өкініштісі – қыз қылмыскерді ақтап алуға көп тырысқан.  Айғақтарды шатастырып, қылмыскерді қорғамаққа ұмтылып жанашырлық танытады.  Наташадан Стокгольм синдромы анықталады. Яғни қиын сәтте қасында болған қылмыскерді ақтап алуға жаны жомарттық танытады. 

Наташа журналистерге сұқбатында ешқашан жеке сезімдерін айтқысы келмейді. Тұтқындағы кезеңіндегі интимдік әрекеттер жайлы тіс жармайды. Наташа тұтқын болған сәті арқылы өмірінде кейбір қадамдарды жасамадым деп өкінген емес. Наташа қазірде сурет салумен шұғылданады. Қайырымдылыққа қаржы жұмсайды.  Тіпті Natascha Kampusch trifft шоуын жүргізеді.  Өзін тұтқында ұстаған үйді 2016 жылы сатып алды. Мамандар кейіпкеріміздің психикалық жарақатты жеңу үшін бұл қадамға баруын орынды деп тапты. 

Фусако Сано

image.png

Жапонияның Ниигата қаласында 1990 жылы 13 қарашада 9 жастағы тұрғыны із-түссіз жоғалады. Нобуюки Сато есімді 27 жастағы азамат қызды пышақпен қорқытып,  көлігіне отырғызып қашады. Әдеттегі уақытта үйіне оралмаған Фусаконы уайымдаған анасы жергілікті полицияның көмегіне жүгінеді. 

Детективтер жоғалған адамды іздеуге көмектесетін дәлелдер табуға үміттеніп, көше көшені кезеді. Қылмысты  "ізін суытпай" ашуға ұмтылыс зая кетеді. 

Кейін анықталғандай, қылмыскер баланы  үйінен елу шақырым жерде орналасқан Касивадзаки қаласына алып кеткен. Қылмыскер Сато қыздың үйінің жанында қалай пайда болғаны әлі күнге дейін белгісіз. Ұрлаушы Фусакоға дыбысын шығармауды бұйырып екінші қабаттағы бөлмеде қамауда ұстады. Денесі матаулы Фусако көп таяқ жеді. 

image.png

Бірнеше айдан кейін қыздың аяқ-қолы қимылсыздықтың салдарынан атрофияға ұшырады. Қыз қашуды қалаған күннің өзінде, денесі қозғалысқа икемсіз күйге түсті. Сатомен бірге оның үйінде анасы да тұрды. Қарт әйелдің аяғы ауыратын,  ешқашан екінші қабатқа көтерілмейтін. Сонымен қатарқылмыскер бала кезінен зорлық-зомбылыққа бейім болды.  Анасына агрессивті қатынас жасайтындықтан, әйел баланың бөлмесіне кіруге қорқатын.

image.png

2000 жылы Нобуйка Сатоның жағдайы нашарлап, анасы қорғаныс үшін полицияға жүгінуге шешім қабылдады. Дәл сол кезде агрессордың үйіне келген полицейлер екінші қабатта өздігінен қозғала алмайтын, кекшіл және күн сәулесінен қорқатын шаршаған қызды тапты. Сато 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Фусако бірнеше жыл ауруханада болды.  Кейінірек үйде емделді. Әдеттегі өмір салтына оралуға тырысты.  Ол жүргізуші куәлігін алды, тіпті күріш алқабында еңбек етіп ақша тапты. Фусако ешқашан психологиялық тұрғыдан қалпына келе алмады. Ол қатынасқа енжар адам болып, сыртқы әлемнен тыс қалды. 

Сабина Дарденн және Летиция Дельез

image.png

Бельгиялық Сабина Дарденн мен оның досы Летизия Дельез 1996 жылы маньяк Марк Дютрудың құрбаны болды. Алғаш 13 жастағы Сабинаны  мамыр айында мектепке велосипедпен бара жатқанда Дютра ұрлап әкетеді. Қылмыскер тұтқынын үйінің жертөлесіне қамайды. 

Сол жылдың тамыз айында қылмыскер Сабинаның досы, 14 жастағы Летицияныда ұрлап кетеді.  Қылмыскердің әйелі де балаларға қорлық көрсетуден тайынбады. Ұру, зорлау, порнографиялық касеталарды қаратып, аштықта ұстап, тіпті бір жұтым суға зар етіп қинайтын. Қыздар қос қылмыскердің алғашқы құрбаны емес еді. Алайда, олар тұтқыннан тірідей босау «бағына» ие болды. 

Бельгиялық полиция департаментіне 15 тамызда қоңырау түседі. Куәгер Летиция ұрланған көлік нөмірін есіне алғанын мәлімдейді.  Дәл осы қоңырау қыздардың өмірін сақтап қалғанын айтты. Дютрудың үйіне келген Полиция тұтқындардың қандай күйде болғанына таң қалды.  Шаршаған,  қорқыныштан дірілдеп, бейтаныс адамдарға жақындаудан қорқатын тұтқындардың психикасы аса зақымданған еді.

Детективтер Сабина мен Летицияның қауіпсіз екеніне сендіруге тырысқанымен, бостандыққа шығарда қыздардың бойын зор қорқыныш биледі. БАҚ назары ауған қыздар дәрігерлер бақылауында болды. Қыздар барлығын ұмытқысы келгенімен, халық олардан жәбірленуші психикасына қатысты күйді жиі сұрап мазалады. Бұл өз кезегінде қыздар үшін тым ауыр еді. 

Қорқынышты оқиғадан сегіз жыл өткен соң 1996 жылғы сот әділетті үкім шығарды. -Марк Дютру өмір бойына бас бостандығынан айырылды.  Оның әйелі 30 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бүгінгі таңда Сабина мен Летиция қалыпты өмірге орала алды. Жеке өмірін БАҚ назарынан тыс ұстағысы келеді. Дарденн 1996 жылғы оқиғалар туралы естелік жазды, өзінің кітабын "Мен 12 жаста велосипедпен мектепке барғым келген..." деп атады.

Қыздар бір жылдан аз тұтқында болса да, біздің қоғамның әділетсіз картинасына тік көз тастаған. Босаған Сабина мен Летиция маньяктан ғана емес, қоғамнан жапа шекті. Ел олардың қалыпты тұрмыс кешкенін қабылдамады. Жәбірленушілердің өзінен кінә іздеген. Бұдан асқан қандай қараңғылық бар?

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Шымкенттік әйел: Қайын атамнан қорлық көріп жүрмін
Бауырлары үшін тоқал болған бойжеткеннің тағдыры
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу