Жоғалған баласын 32 жылдан кейін тапты

Oinet.kz 12-08-2020 941

Адам қандай отбасында туылуын өзі таңдамайды. Адам тағдырын тәлкекке салып, өзінде жоғын өзгеден тапқысы келетіндер жеткілікті. Қытайлық ата-ана жоғалған ұлымен араға 32 жыл салып қауышқан. Ата-ана баланың тірі екеніне сеніп, іздеу жұмыстарын тоқтатпай нәтижеге қол жеткізген. 

image.png

Оқиға 1988 жылы Сиань қаласында орын алды. Цзинчжи мен әйелі екі жасар ұлымен бақытты күй кешіп жүрген. Баланың есімі Цзя Цзя еді. Баланың анасы Ли бірнеше күнге басқа қалаға іссапарға шығды.  Әкесі Цзя Цзяға қарап үйде қалады. Әдепкі күннің бірінде Цзинчжи баласымен серуенге шығып сейіл құрмақ болады. Баласының шөлдегенін ұққан әке су алу үшін баласын көшеде қалдыра тұрады. Сол сәтті құр жібермеген ұрылар баланы ұрлап кетеді. Небәрі бірер минутқа кеткен әке баласын таба алмай дал болады. 

image.png

Арадан сусып жылдар өтеді. Бұл уақыт отбасы үшін тым ауыр кешті. Көздегі бір тамшы жастай кеудеде мызғып мұң тұрды. Отбасыдағы қайғылы атмосфера ажырасу туралы шешімге алып келді. 

Ли осы жылдар ішінде Цзя Цзяның табылатынына сенді. Әйел  ұлының кескінін барлық көшелерге жапсырудан жалықпады. Жүргіншілерден баласы дәл қазір жоғалғандай сұрау салып, ұлын іздеуді 32 жыл бойы тоқтатпады.  Осы уақыт ішінде Ли 29 отбасына жоғалып кеткен балаларын табуға көмектесті. Ал оның ұлы туралы хабар мүлде жоқ болды. 

image.png

Полицейлер баланың суретін алып, мамандар мен заманауи технологиялардың көмегімен баланың ересек кейіпін жасап шығарды. Қалыпқа келтірілген бет-әлпетке сай суретті ұлттық мәліметтер базасындағы фотосуретпен салыстырды. Базадан кескінге сай Мао Инь есімді азамат табылды. ДНҚ тесті өткізіліп, Маоның жоғалған Цзя Цзя екені анықталды. 

image.png

Қазір Цзя Цзя 34 жастағғы отбасылы азамат. Өзі  ұрланған қаладан 870 км қашықтықтағы Маньян қаласында тұрады. Мао Инь мен оның биологиялық ата-анасының кездесуі осы жылдың мамыр айында өтті.  

image.png

Мао өзінің қалай ұрланғанын есінде жоқтығын айтқан. Өзін бөгде ата-ана тәрбиеледі деп мүлде ойламаған.  Лидің теледидардан сұхбатын көргенмен ол іздеген бала мен болармын деген сезімді бастан кешпеген.  Мао қазір ата-анасымен жақын қарым-қатынаста.  Ол бұл оқиғаға кінәлілер жазалануы керек деп бағалайды. Адам тағдырын ұрлаған қылмыскерлерге байланысты тергеу шаралары жүріп жатыр. 

Сурет ашық дереккөзден алынды

Күйеуін тағатсыздана күткен әйелдің өлімі
Екі тәнге бір тағдыр : сиам егіздері бақытты өмір сүре ала ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу