Жігіттікке келдің бе?

Oinet.kz 26-07-2019 1034

    Screenshot_1.jpg                     

«Бұл өмірдің жұмағы – жігіттік шақ», - деп  өткір тілді, орақ ауызды жыршы Қашаған Күржіманұлы айта кеткеніндей, балалық бал дәуренді бітіріп, бозбала шақтан, жас жігіттік кезеңге табан тіреген ер-азаматтарымызға  - халқымыздың  нақыл сөздерінен  үзінді ұсынамыз. Түсіне білгенге – мол қазына. 

    Мәшһүр - Жүсіп Көпеев:

 Шығады «асыл – тастан, өнер – дастан»,

 Тәрбие тәуір болса әуел бастан.

 Мысалы ғылым таппақ сол секілді,

 Бұлақтың бітіп жатқан көзін ашқан.

 Жігітке талаптанған жүщ мың рахмет,

 әрқайда сен білгенін ырзық шашқан.

      Базар жырау:

Азамат ерден қол үзбе, 

Күндердің күні болғанда,

Басыңа қиын іс түссе,

Қайырылмай саған кетпейді.

    Шал ақын:

Иман – қой, ақыл – қойшы, нәпсі – бөрі,

Бөріге өой алдырмас ердің ері.

Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,

Жоламас ешбір пәле шайтан-пері.

     Махамбет Өтемісұлы:

 Арғымақ, сені сақтадым,

 Құлағың сенің керек деп.

 Азамат сені сақтадым,

 Бір күніме керек деп.

      Хакім Абай:

Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,

Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ.

Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,

Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ.

      Міржақып Дулатұлы:

Майда бол, жігіт болсаң, тал жібектей,

Жақсы емес қатты болу тікенектей.

Ғылымың болса-дағы ұшан теңіз,

Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.

    Ыбырай Алтынсарин:

Алған жарың жаман болса,

Бір Тәңірге көп налырсың.

Жарым сондай болса екен деп,

Көрінгенге көз саларсың.

Әз елде маңдайыңа нені жазса соны аларсың.

Бәріңізге қасы қара, қызыл жүзді табылмас.

Катының өлсе қарыс ұрып қаларсың.

Аны - мұны қармалап,

Және біреуді аларсың.

Бір кеткен соң қамқор әке - шешең табылмас.

    Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев:

Бөрікті аспанға атып, аттан салып,

Жігіттер, мақтанбалық, мақтанбалық!

Қашаннан қазақ деген сырмінезді,

Мақтаусыз да, мақтансыз жатқан халық.

Сабырмен сабақ алып дәуірлерден,

Сабырын сары алтыннан тәуір көрген.

Қазаққа мақтансын деп жер бермеген,

Жерінің кеңдігіндей сабыр берген.

Иықтасып тұрсын деп елдерменен,

Қазаққа молшылықты кем бермеген,

Алайда, Ата-қазақ мақтануды,

Әлімсақтан бер қарай жөн көрмеген.

Дәулет шалқып, ырысы асқанында,

Қақысы бар қазақтың мақтануға.

Дарақы боп қазағым кетпесін деп,

Сабыры тұр, күзетіп арт жағында.

Туысы қайтыс болғанды қарызға батырмау жағын қарастырсақ...
Танымал тележүргізуші қара нәсілді жігітке тұрмысқа шыққан бойжеткенді жақтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу