Шетелдіктер жиі баратын жерлерде туристік полиция пункттерін орнату жоспарлануда

Oinet.kz 19-11-2019 860

ІІМ басшылығы туристік полиция штатын ұлғайту және шетелдік азаматтар жиі болатын жерлерде оның жаңа пункттерін орнату туралы ұсыныс жасады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен жол қозғалысы мәдениетін арттыру мәселесі бойынша жиында айтылды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

туристік полиция.jpg

«Қауіпсіздік саласында азаматтардың мүдделеріне қызмет көрсету, стандарттарды өзгерту және қоғаммен өзара іс - қимылды жақсарту үшін полицияның сервистік жұмыс моделіне көшуіне байланысты ішкі істер органдарының жұмысы түбегейлі қайта қаралды», - деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.

Полиция бөлімдерінде «фронт-офистер» құрылуда - азаматтарды қабылдау үшін қолайлы үй – жайлар белгіленіп, халықты қабылдау және кеңес беру кабинеттерден тыс-көшелерде, алаңдарда және аулаларда жүргізіледі.

Қасым Жомарт Тоқаев еліміздің туристік әлеуеті мен инвестициялық ахуалын арттыру бойынша міндет қойды. Осыған байланысты барлық ірі қалаларда көші-қон орталықтары құрылды, ал шетелдік қонақтар мен туристермен жұмыс істеу бойынша полицияның жекелеген бөлімшелері мамандандырылып, олардың қызметі елдің көрнекті орындары мен курорттарында, мәдени объектілерде туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, хабардар етуге, оларға кеңес беруге бағытталған. 

«Осыны ескере отырып, туристік полиция штатын ұлғайту және шетелдіктер жиі баратын жерлерде оның жаңа пункттерін орнату жоспарлануда. Сонымен қатар осы қызметті материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту мәселесі қарастырылуда. Егер қала бойынша алсаңыз, онда осындай полиция пунктін күн сайын жүзедеген шетелдіктер келіп түсіп жататын халықаралық әуежай аумағында орналастыру қажет. Олардың кейбірі полицияның білікті көмегін қажет етеді, сондықтан полицейдің шет тілдерін еркін меңгеруі және көмек көрсетуге құзырлы болуы өте маңызды»,- деді министр.


Түркістан облысынан мұнай табылды
Гонконгта оқып жүрген Қазақстандық студенттерді елге қайтаруда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу