Шымкентке жаңа әкім тағайындалды

Oinet.kz 21-01-2020 2335

FB_IMG_1577444198285-800x445.jpg

 Үшінші мегаполиске бүгін жаңа әкімі тағайындалды.

Президент Қасым-Жомарт  Тоқаевтың Жарлығымен, қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Шымкентке әкім болып Мұрат Әйтенов тағайындалды. Бүгін қала әкімінің активіне жаңа әкімді Президент Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов таныстырды.

Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы 1981 жылы туған. Білімі жоғары, «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» және заңтану мамандығын меңгерген.

Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы ҚР Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.

2006-2008 жж – ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі;

2008-2010 жж – ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы;

2010-2012 жж – ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2012-2013 жж – ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі;

2013-2016 жж — ҚР Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы қызметтерін атқарған  Мұрат Әйтенов былтыр желтоқсанда Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.

Елімізде қант өндірісіне қауіп төніп тұр
Үшінші мегаполистің үшінші әкімі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу