Халықаралық іздеуде жүрген Асылжан Жамалбеков полицияға өзі келді

Oinet.kz 31-01-2020 1118

5e341693ec5cf.jpg

Миллиондаған ақша жымқырды деген айыппен халықаралық іздеуде жүрген Халықты жұмыспен қамту орталығының бұрынғы басшысы Асылжан Жамалбеков полицияға өзі келді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Халықаралық іздеуде жүрген Асылжан Жамалбеков өз кінәсін мойындағандығы жайлы Шымкент қалалық тергеу соты хабарлаған. 

Естеріңізде болса, мемлекеттік қызметті атқаруға өкілетті лауазымды тұлға бола тұра қоластындағы қызметкерлерден ұйымдасқан топ құрып, мемлекет бюджетіне жалпы көлемі 437 миллион 384 мың теңгеден астам залал келтірген деген күдікке ілінген болатын. 

Алайда, қазір оған тағылған айып ҚР ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігі "абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық" бойынша сараланып отыр. Сот санкциясымен Жамалбековке қатысты үйде қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қабылданды. Енді ол сотты үйде отырып күтетін болады.

Әлнұр Мұсаев: «Айсұлтанды саяси мақсатта пайдаланғысы келетіндер көп»
Қазақстанның валюта айырбастау пункттері жұмыс режимін өзгертті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу