Қазақстан елшісі Эстония президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Oinet.kz 06-02-2020 892

«Кадриорг» президенттік сарайында Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы елшісі Нұрлан Сейтімов Эстония Республикасының президенті Керсти Кальюлайдқа сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Baq.kz порталына сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Кездесу барысында президент К.Кальюлайд Қазақстан басшылығының Эстонияда елшілік ашу туралы шешімін жоғары бағалап, мемлекетаралық қатынастардың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Өз кезегінде, елші Н.Сейтімов екіжақты іс-қимылда тиімді ынтымақтастық үшін үлкен әлеует бар екенін және жаңадан ашылған елшіліктің күш-жігері оны сөзсіз жүзеге асыруға бағытталатындығын атап өтті. Ынтымақтастықтың басым бағыттары - цифрландыру, транзит және логистика, ауыл шаруашылығы, заңнамалық базаны нығайту және кеңейту.

Эстонияның президенті Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық және саяси реформалар туралы хабардар етті.

Сөз соңында президент К.Кальюлайд Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі тілектерін жеткізді.

Жанат Жахметова ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды
«200 мың айлық ұсынамыз, бірақ жұмыс істейтіндер жоқ» – вице-министр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу